Жүрек тұнған сағыныш, ән-жырымды алып ұш,
Шын сүй дағы өмірде, махаббаттың балын іш.
Сыңғыр сырлы сұлуым, махаббаттың жылуын,
Нұр болып құй құмарланған келтеме.
Гүлім, гүлім, гүлімсің,
Арманымсың, жырымсың,
Бақытымсың, базарымсың сеee-e-н,
Махаббаттың жырын-ай,
Жүрегімнің сырын-ай,
Арман гүлім, ажарымсың сен.
Ақ сезім мен үмітім әлдилейді күні-түн,
Бақытымның бастауы, өмірімнің гүлісің.
Тебіренткен тілектің тыңшы маған жүректі,
Кеудемдегі күмбірлегенімсің.
Гүлім, гүлім, гүлімсің,
Арманымсың, жырымсың,
Бақытымсың, базарымсың сеee-e-н,
Махаббаттың жырын-ай,
Жүрегімнің сырын-ай,
Арман гүлім, ажарымсың сен.
Махаббаттың мәңгілік тұнығындай таңғы үміт,
Сені сүю мен үшін – тәңір жазған заңдылық.
Жан тербеген сазыңнан, сенің, еркем назыңнан,
Жан гүлім-ау жаралансам жазылған.
Гүлім, гүлім, гүлімсің,
Арманымсың, жырымсың,
Бақытымсың, базарымсың сеee-e-н,
Махаббаттың жырын-ай,
Жүрегімнің сырын-ай,
Арман гүлім, ажарымсың сен.