Жалғыз өзім жаяу ұшып айдап келем
Айналама қарап түрлі қызық көрем
Елестейді маған кейде кинодай
Таусылмайды еш уақытта тірлік жұмыс
Андасанда үзілісте тамған дұрыс
Өз өзіңді жете беріп босқа қинамай
Қайырмасы:
Қандай бұл дүние ғажап қандай
Ғажайыбы барлық балдай
Жүрегімде тек қана сезіну керек
Қалмай жетегінде еріп қалмай
Ойнап күліп билеп қалмай
Әр-бір сәтін жәй ғана сезіну керек
Жүріп келіп баяу тамашанып бәрін
Тынығудан миым рахаттанып жаным
Қайтатын да уақыт келіп қалды жақындай
Сезім үшін көрінеді өмір бөлек
Керек емес оған ешбір сылтау себеп
Жәй демала білу керек басты қатырмай
Қайырмасы:
Қандай бұл дүние ғажап қандай
Ғажайыбы барлық балдай
Жүрегімде тек қана сезіну керек
Қалмай жетегінде еріп қалмай
Ойнап күліп билеп қалмай
Әр-бір сәтін жәй ғана сезіну керек