Жазығым не сүйгенім бе ?
Қалмады ма сезім мүлде ?
Өшпей тұрған мендік сезім
Сөніп қалды сенде неге ?
Сені сүйдім, алдамағам.
Кеткеніңді қаламағам .
Не себепті кеттік жырақ ?
Жұмбақ болып қалды маған…
Жабырқаулы күйдемін.
Ешкімді олай сүймедім .
Қош бол қалқам, қош арман,
Менің сүйгенім.