Жығылсаңда көк мұзға
Көңіліңді көп бұзба!
Біз әу баста өмірге
Жылап келген жоқпызба?
Қымбат үйің бағалы ас
Сұрағаның жарамас
Келгеніңді ұмытпа!
Бұл өмірге жалаңаш
Бұйырған бақ кетпейді
Кімдер қайғы шекпейді
Жетпейтін қу дүние
Ешкімге де жетпейді
Иманыңа берік бол
Алла бәрін реттейді
Қалған майда-шүйделер
Ештеңеде етпейді