Маусымым, маусымым
Мөлдіретші таң шығын
Сыңғырлатшы тау суын
Дәмің қайда бал шырын
Маусымым, маусымым
Арманымды жаншыдың
Екеумізді айырған
Махаббатқа қарсымын
Күнімді сөндірді
Қызылда жасыл
Гүлімді солдырды
Ол мені жалғыз қалдырды
Алматы бүгін жаңбырлы
Сәулешім, сәулешім
Сен бар кезде сәулешім
Біздерге арнап бұлбұлдар
Өткізуші еді ән кешін
Кербезім, кербезім
Солай шештің енді өзің
Өмір жазы бақыттың
Өмірімде бар кезің
Күнімді сөндірді
Қызылда жасыл
Гүлімді солдырды
Ол мені жалғыз қалдырды
Алматы бүгін жаңбырлы