Түн
Қала ояу
Келем баяу
Таңға таяу
Жол
Ойым терең
Естілді әрең
Осы әуен
Әрбір әрекет пен әрбір қадам
Мүмкіндіктер беріп кетті маған
Қателік — оттегі
Қалдырма өкпені
Небір қиындықта кейбір адам
Шыдамастан көп рет құлаған
Бәрі де өтпелі
Қалдырма өкпені