Қиналдым, қоштасқанда, жанарымды
Мұң шалды-ау, сол бір сәтте қабағымды
Түбінен жүрегімнің тулап шығып
Бір өксік жұлмалады тамағымды
Қарақат көздеріңе қарай бердім
Қызығы сол ма деймін дүниенің
Күйдіреді көлеңкеде өзегімді
Махаббат неге сонша ыстық едің?
Жұлдызым жарқыраған аспанымдағы – Сен,
Жарқ етіп, жоқ болдың ғой қас қағымда,
Жарқыраған, өзіңді қалай табам?
Жұлдызға жете алдым ба мен аңсаған,
белгісіз жан.